Туризм • Кеше

Атырау облысында 20 гид халықаралық стандартқа сай қызмет көрсетеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда алғаш рет 20 гид арнайы сертификатқа ие болды. Олар Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясының (WFTGA) әдістемесі сәйкес оқу курсынан өтті.

Атырау облысында 20 гид халықаралық стандартқа сай қызмет көрсетеді

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, курсқа 24 адам қатысқан. Теориялық білім жетілдіріп, қорытынды емтиханнан сүрінбей өткен 20 адам ресми түрде гид-экскурсовод атанды.

Жаңа сертификат иегерлерінің бірі – Гүлжан Хиту. Бұрын психолог болып жұмыс істеген. «Гид – қалаға келген туристерге немесе жергілікті тұрғындарға тарихи-мәдени нысандарды таныстырып қана қоймай, экскурсия барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маман. Мен бұл курстан көптеген жаңа ақпарат алып, гид болудың барлық қыр-сырын меңгердім», дейді Гүлжан Хиту.

Оның пікірінше, гидтің басты міндеті – туристермен тез тіл табысып, дұрыс бағыт беру.

«Алдымен адам психологиясын түсіну қажет. Бұл – туристермен оңай байланыс орнатып, әсерлі экскурсия ұйымдастыруға сеп болады», дейді Гүлжан Хиту.